Тараздағы түзеу мекемесінде сотталғандар жұмыспен қамтылып жатыр
Цех қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, өндіріс үдерісі жүйелі жолға қойылған.
Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №58 мекемесінде «Адал өнім» жеке кәсіпкерлігі тауық өнімдерін өндіру цехын ашып, сотталғандарды тұрақты жұмыспен қамтып отыр, деп хабардайды Jambylinfo.kz
Цех қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, өндіріс үдерісі жүйелі жолға қойылған. Мұнда еңбек еткен азаматтар кәсіби дағдыларын дамытып, табыс табуға мүмкіндік алуда.
Жоба сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге, еңбекке баулуға және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Сонымен қатар, бұл бастама өңірде шағын және орта бизнесті дамытуға да өз үлесін қосуда.