Жаңалықтар

Тайваньда 7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Зілзаланың ошағы 73 шақырым тереңдікте орналасқан

Тайваньда 7 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тайваньның метеорологиялық басқармасы Илань қаласынан 32 шақырым жерде магнитудасы 7-ге тең жер сілкінісі болғанын хабарлады. Зілзаланың ошағы 73 шақырым тереңдікте орналасқан.

Жер дүмпуі ел астанасы Тайбэйде де сезілген. Ал Илань қаласында 3 мыңнан астам тұрғын үй уақытша электр жарығынсыз қалған.

Мамандар алдағы уақытта магнитудасы 5,5–6 шамасындағы қайталама дүмпулер болуы мүмкін екенін ескертті.