Жаңалықтар
Тоқаев Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарын қызметінен босатты
- авторСадуақас Айсұлу
- Бүгін, 17:42
- 1
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкі төрағасының орынбасары Берік Шолпанқұловты қызметінен босатты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
"Мемлекет басшысының өкімімен Берік Шолпанқұлұлы Шолпанқұлов берген өтінішіне сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, Берік Шолпанқұлов бұл қызметті 2021 жылдың сәуір айынан бері атқарып келеді.




