Жаңалықтар

Тоқаев Ресейге мемлекеттік сапармен барады

Сапар аясында бірқатар екіжақты маңызды құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 қарашада Ресей Федерациясына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мемлекет басшысы Президент Владимир Путинмен келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Орал қаласында өтетін ХХІ Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумының пленарлық сессиясына  бейнебайланыс арқылы қатысады.