Трамп Израиль мен Иран арасындағы бейбітшілік үшін Нобель сыйлығына ұсынылды
Бұған дейін Пәкістан үкіметі де Трампты Нобель сыйлығына ұсыну жөнінде бастама көтерген болатын.
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Израиль мен Иран арасындағы қақтығысты бейбіт жолмен реттеуге қатысқаны үшін Бейбітшілік жөніндегі Нобель сыйлығына ұсынылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz zakon.kz сілтеме жасап.
Инициатива 2025 жылғы 24 маусымда АҚШ Конгресінің республикашыл мүшесі Бадди Картер тарапынан көтерілді. Fox News мәліметінше, Картер Нобель комитетінің төрағасы Йорген Ватне Фриднеге жолдаған хатында Трамптың қарулы қақтығысты тоқтатып, аймақта ядролық қарудың таралуына жол бермеудегі ерекше рөлін атап өткен.
Картер Трамптың бастамасы Таяу Шығыстағы шиеленісті азайтып қана қоймай, миллиондаған адамның өмірін сақтауға септігін тигізгенін атап өтті.