Туризм саласына биыл 460,2 млрд теңге инвестиция салынды
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп
Туризм саласына биыл 460,2 млрд теңге инвестиция салынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі биылғы жарты жылда 460,2 млрд теңгеге жетті.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға көп.
Өңірлер бойынша инвестиция өсімінде көш бастағандар:
Ақтөбе облысы – өсім 342%;
Ұлытау облысы – өсім 154,7%;
Қызылорда облысы – өсім 106,2%;
Атырау облысы – өсім 96,6%;
Алматы қаласы – өсім 74,7%;
Павлодар облысы – өсім 62%.
Талдау барысында тұрғын үй, тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс, көлік, жалға беру, туризм бизнесі, спорт және бос уақытты ұйымдастыру сынды 14 экономикалық қызмет түрі ескерілді.