Жаңалықтар

ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған балаларды құтқарып қалды

Оқиға Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында орын алған

ТЖМ құтқарушылары пәтерде қамалып қалған балаларды құтқарып қалды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бүгін Қарағанды облысының Теміртау қаласындағы Жедел қызметтің 112 пультіне Б. Момышұлы көшесінде балалар пәтерде қамалып қалғаны туралы хабарлама түсті. Анасы дүкенге кеткен кезде, балалар есікті өз беттерінше аша алмай, пәтерде қалып қойған.

ТЖМ қызметкерлері автосатының көмегімен 5-қабатқа көтеріліп, терезе арқылы пәтерге кіріп, есікті ішінен ашты.

Пәтерде 2022 ж.т. және 2023 ж.т. балалар болды. Олар медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.

ТЖМ балаларды қараусыз қалдырмауға кеңес береді!