"UFC белбеуін Қазақстанға әкелемін": Шавкат Рахмонов мәлімдеме жасады
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, спортшының толық сауығып, жекпе-жекке дайын күйге келуіне шамамен 9 ай уақыт қажет.
Қазақстандық UFC жауынгері Шавкат Рахмоновтың октагонға қайта оралуы белгісіз мерзімге шегерілді. Танымал спортшы бұл шешімнің негізгі себебін әлеуметтік желідегі парақшасында ашық айтты.
Рахмоновтың сөзінше, бұрын алған жарақаты асқынып, оған екінші рет хирургиялық ота жасатуға тура келген. Осыған байланысты дәрігерлер оған ұзақ уақыттық оңалту кезеңін ұсынған.
Шавкат бұл жаңалықтың жанкүйерлері үшін де оңай тимегенін атап өтті. Соған қарамастан, ол алдағы мақсаттарынан бас тартпайтынын нақты жеткізді.
Алдын ала ақпаратқа сәйкес, спортшының толық сауығып, жекпе-жекке дайын күйге келуіне шамамен 9 ай уақыт қажет. Осы кезеңде ол ем-дом мен қалпына келу жаттығуларына басымдық бермек.