Жаңа Конституция: Конституция жобасына арналған «Референдум–2026» онлайн-марафоны мәресіне жетті
Шара жаңа Конституция жобасын түсіндіруге арналған ақпараттық алаң ретінде ұйымдастырылған. Алты сағатқа жоспарланған марафон барысында жаңа Конституцияның негізгі бағыттары жан-жақты талқыланды.
Талқылау алаңында 100-ге жуық спикер «Жаңа Конституция: өзгерістердің мәні», «Жаңа Конституцияның Преамбуласы», «Егемендік пен Тәуелсіздік - бәрінен қымбат», «Человек в центре государственной политики», «Заң және тәртіптің үстемдігі мемлекет қызметінің негізгі қағидаты», «Тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау», «Семья и брак», «Құрылтай ықпалы: құзыреті мен міндеті», «Қазақстан Халық кеңесі», «Ұлттық заңнама мен халықаралық шарттардың арақатынасы», «Волонтерская деятельность», «Экологиялық мәдениет пен жауапкершілік»тақырыптары бойынша пікір алмасып, конституциялық өзгерістердің әр азаматтың өміріне әсері туралы пікірлер ортаға салынды.
Онлайн марафон барысында ҚР Парламенті Сенатының депутаты Алтынбек Нухұлы, ҚР Парламенті Мəжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов және мəдениеттанушы, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты, этномедиация орталығының басшысы Фарида Мұсатаева дажаңа Ата заң жобасына қатысты ой білдірді. Олар тарихи-мəдени мұраны сақтау, төл мəдениетті қолдау тақырыбында сөз қозғады.
Өз кезегінде Мəжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов Преамбулада алғаш рет білім мен ғылым, инновация туралы жазылғанын атап өтті.
Ал Сенат депутаты Алтынбек Нұхұлы ел дамуы бағытында дамыған елдердің тәжірибесін қолданудың маңызын атап өтті.
Ал Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева «Миранда» қағидасының Ата Заңға норма ретінде енгізілу себебін түсіндірді.
Онлайн марафон барысында спикерлер Қазақстанның халықаралық қатынастардағы рөліне де тоқталды. Заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов еліміздің әлемдік кеңістікте орта держава ретінде орын алғанын айтты.
«Жаңа Конституция қабылданса біздің мемлекет бейбітшілікті насихаттаушы ел ретінде әлем халқы арасындағы рөлін нығайта түседі», - деді Жамаладен Ибрагимов .
«Қазақ газеттері» ЖШС бас директоры, Конституциялық комиссия мүшесіДихан Қамзабекұлы Ата заңда алғаш рет жазылған «қоғамдық диалог» ұғымына қатысты пікір білдірді.
Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжан жаңа Конституцияның қабылдануы жаңа тарихи кезеңнің басталуы екенін айтты.
Спикерлер қатарында ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Дания Еспаева, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Айдос Сарым, Жанарбек Əшімжан, Азат Перуашев, Нұрсұлтан Байтілесов, Қарақат Əбден, Жарқынбек Амантай, ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Əлішер Сатвалдиев, Əсем Рахметова, Алтынбек Нухұлы, саясаттанушылар Əйгерім Серікжанова, Əйгерім Əбдірашитова, заң ғылымдарының докторы Жамаладен Ибрагимов және өзге де қоғам өкілдері бар.
«Референдум–2026» онлайн-марафоны барысында 24 өзекті тақырып қамтылды. Олардың қатарында Егемендік, Заң мен тәртіп, адам құқықтары, неке және отбасы институты, экология және Құрылтайдың рөлі сынды маңызды бағыттар бар.