Жаңалықтар

Жаңа Конституция жобасына аға буын үшін маңызды нормалар енді – Бақтығожа Ізмұхамбетов

Сөз соңында Бақтығожа Ізмұхамбетов ардагерлер қауымы осы әзірленген Конституция жобасын қолдайтынын жеткізді.

Мәжіліс депутаты, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтығожа Ізмұхамбетов жаңа Конституция жобасына егде адамдарға қатысты қандай маңызды нормалар енгенін айтып берді.

Констуцияның жаңа жобасында Преамбулаға тарихи-мәдени мұраны сақтау мен ұлттық мәдениетті қолдау − мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаларының бірі деген тұжырым енгізілді. Осылайша ел болашағын қалыптастыруда, ең алдымен жинақталған білім, тәжірибе және тәрбиені ұрпаққа жеткізу арқылы аға буынның айрықша рөлі мойындалып отыр.

Аға буын үшін маңызды тармақ − кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалардың еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасау міндетін Конституцияда бекіту ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтастықты күшейтеді.

Жаңа Конституция жобасы азаматтардың жеке қаражаты мен өмірін қорғауды да күшейтеді. Мемлекет банк салымдардың, жинақтардың сақталуына және қаржылық операциялардың құпия болуына кепілдік береді.

Сондай-ақ, ел ардагерлері 3-бапта жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және табиғатқа ұқыпты қарау қағидатының алғаш рет конституциялық деңгейде бекітілгеніне де риза.