Жаңалықтар

Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жарақаттанды

Оқиға кеше кешкі уақытта орын алған

Жамбыл облысында атыс болып, төрт адам жарақаттанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Зардап шеккендер травматикалық қарудан жарақат алған. Оқиға кеше кешкі уақытта болған, шамамен сағат 21:30-да төрт жаралы адам Мойынқұм аудандық ауруханасына жеткізілген.

Қазіргі уақытта полицейлер оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жедел-іздестіру және тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.