Жамбылда балалар қауіпсіздігіне арналған жаңа профилактикалық кабинет ашылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 наурыз, 2026
- 349
Жамбыл облысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған тағы бір маңызды жоба іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Polisia.kz мәліметінше, Қордай ауданының полиция бөлімі базасында балалар қауіпсіздігіне арналған арнайы профилактикалық кабинет пайдалануға берілді. Кабинеттің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай, полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов, сондай-ақ аудандық ардагерлер кеңесі, әкелер және аналар кеңесінің төрағалары қатысты.
Жаңа кабинет заманауи талаптарға сай жабдықталған. Онда ақпараттық стендтер, әдістемелік және үлестірме материалдар орналастырылған.
Сонымен қатар, алдағы уақытта психологтар, нарколог-дәрігерлер және әлеуметтік қызметкерлердің қатысуымен кешенді жұмыстар жүргізу жоспарланып отыр.
Полиция бөлімінің бастығы Бауыржан Үдергенов жаңа кабинеттің маңыздылығына тоқталып, бұл бастама жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуды күшейтуге, құқықтық сауаттылықты арттыруға және отбасы мен мектеп арасындағы өзара іс-қимылды жүйелеуге бағытталғанын атап өтті.
Қазақстанда стенд атудан әлем кубогының кезеңі өтеді
Ұқсас жаңалықтар
«Жаңа ғасыр» театрына Асанәлі Әшімовтің есімі берілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 22 сәуір, 2026





