Жамбыл облысында 2029 жылға дейін 11 жаңа су қоймасын салу жоспарланған
Өңір әкімі Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, 66,5 мың га егіс алқаптарына су үнемдеу технологиялары енгізілді.
6 ауданда 625 шақырым болатын 322 су нысаны қайта жаңартылуда.
Оның айтуынша, өңірде су үнемдеу технологияларын қолдануды кеңейту аясында бірқатар жобалар іске асырылуда. Атап айтқанда, тамшылатып суару қондырғыларын шығару зауытының құрылысы аяқталуда. Кәсіпорынды 2026 жылдың 1 тоқсанында іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, тамшылатып суғару жүйесінің өндірісі іске қосылды. Өндіріс жылына 12 мың гектарды суару қондырғыларымен қамтуға мүмкіндік береді.