жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Франциядағы музейден құнды жәдігерлер ұрланды

Франциядағы музейден құнды жәдігерлер ұрланды
Ашық дереккөз
Бұған дейін Лувр қаласында осындай жағдай болған еді

Францияда Луврдан кейін тағы бір музейге қарақшылық шабуыл жасалды — бұл жолы Лангр қаласындағы Дени Дидро мұражайы тонаушылардың нысанасына айналды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Француз БАҚ-тарының хабарлауынша, музейден XVIII–XIX ғасырларға тиесілі алтын және күміс монеталардың бір бөлігі ұрланған. Олардың жалпы құны шамамен 90 мың еуро деп бағаланып отыр.

Оқиға орны — француз жазушысы және философы Дени Дидроның өмірі мен мұрасын арнаған музей.

Таңертең музей қызметкерлері кіреберіс есіктің бұзылғанын және бір витринаның сынғанын байқаған. Дәл осы витринадан алтын және күміс монеталар жоғалған.

Алдын ала болжам бойынша, тонау мұқият жоспарланған, себебі қылмыскерлер өте әдістемелі және нысаналы түрде әрекет еткен — басқа экспонаттарға тиіспеген.

Ұрланған заттар — музей қазынасының бір бөлігі, яғни 2011 жылы ғимаратты жөндеу кезінде жұмысшылар тапқан құнды монеталар жиынтығы. Бұл коллекцияда 1633 күміс және 319 алтын монета болған.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар