жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қарашада қанша күн демалатыныңызды білесіз бе?

Қарашада қанша күн демалатыныңызды білесіз бе?
istockphoto.com
Қазақстандықтар қарашада қанша күн демалатыны белгілі болды

Қараша айында қазақстандықтар үшін ресми мерекелер қарастырылмаған. Сондықтан бұл айда жұмыс кестесінде ешқандай өзгеріс болмайды — тек аптаның сенбі және жексенбі күндері ғана демалыс болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бес күндік жұмыс аптасы бар қызметкерлер үшін қарашада 10 демалыс және 20 жұмыс күні болады.

Алты күндік жұмыс аптасы барлар тек жексенбіде демалады, яғни 5 демалыс және 25 жұмыс күні бар.

Ресми демалыс болмаса да, қарашада бірқатар кәсіби мерекелер атап өтіледі. Бұл – әріптестер мен таныстарды құттықтауға жақсы мүмкіндік:

5 қараша – Сыртқы барлау күні

8 қараша – Статистика күні

10 қараша – Цифрландыру және ІТ саласы қызметкерлері күні

10 қараша – Бухгалтерлер мен аудиторлар күні

15 қараша – Қаржы саласы қызметкерлері күні

Қарашаның үшінші сенбісі – Бұрғылаушылар күні

Қарашаның үшінші жексенбісі – Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні

18 қараша – Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет органдарының күні

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар