жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Илон Масктың X әлеуметтік желісінің бас директоры отставкаға кетті

Илон Масктың X әлеуметтік желісінің бас директоры отставкаға кетті
Фото: nbcnews.com
Ол бұл туралы өзінің парақшасында жазды

X әлеуметтік желісінің (бұрынғы Twitter) бас директоры Линда Яккарино қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Илон Маскпен алғаш осы жобаның болашағы туралы сөйлескенімде, бұл компанияның ерекше миссиясын жүзеге асыруға арналған бірегей мүмкіндік екенін түсіндім. Маған сөз бостандығын қорғау, компанияны жаңарту және X-ті барлығы қамтитын әмбебап қосымшаға айналдыру секілді жауапты міндетті сеніп тапсырғаны үшін алғыс айтамын", – деп жазды Линда Яккарино.

Оның жазбасына Илон Маск қысқаша жауап қалдырды: "Сіңірген еңбегіңіз үшін рахмет".

Линда Яккарино X компаниясының бас директоры қызметіне 2023 жылғы маусымда тағайындалған болатын.

BBC жазуынша, Яккариноның бұл қызметтегі өкілеттігі басынан бастап шектеулі болған. Көптеген сарапшылар оны шынайы емес, тек аты ғана бар бас директор деп санады.

"Оның тәжірибесі мен нақты құзыреті негізінен жарнама бағытында болды. Ал шын мәнінде, X желісінің тізгіні басынан бері Илон Масктың қолында болды. Бұл отставкада таңғалдыратыны – оның дәл қазір ғана болғаны", – деді америкалық Forrester зерттеу және консалтинг компаниясының вице-президенті Майк Проулкс.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар