жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақ спортшысы Рахым Әділханов АҚШ ұлттық құрамасына қабылданып, алтыннан алқа тақты

Қазақ спортшысы Рахым Әділханов АҚШ ұлттық құрамасына қабылданып, алтыннан алқа тақты
Ашық дереккөз
Аталған додада 1000-нан астам спортшы бақ сынады

5 шілдеде АҚШ-тың Солт-Лейк-Сити қаласында өткен AAU ұлттық таэквондо чемпионатында қазақ спортшысы Рахым Әділханов +87 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Рахым жарыс барысында 5 жекпе-жек өткізіп, барлығында қарсыластарын айқын басымдықпен жеңді. Оның техникалық шеберлігі мен төзімділігі көрермендер мен төрешілерді тәнті етті.

Жетістігінің арқасында ол AAU Taekwondo ұлттық құрамасына қабылданып, енді АҚШ атынан халықаралық жарыстарға қатысатын болады. Бұл –спортшы үшін үлкен мүмкіндік қана емес, сонымен қатар қазақ таэквондосының әлемге танылуына жол ашатын айтулы қадам.

Спортшыға бірнеше беделді америкалық командалардан ұсыныс түскен. Соның ішінде ол Tae Ryong Taekwondo Team командасымен келісімшартқа отырды. Бұл команда – АҚШ-тағы ең танымал таэквондо мектептерінің бірі. 

«Мен Қазақстандағы спорттық карьерамды аяқтаған соң Америкаға қоныс аудардым. Қазір Лос-Анджелесте таэквондо бапкері болып жұмыс істеймін. Сонымен қатар танымалдылық жинау үшін түрлі жарыстарға қатысып жүрмін. Мақсатым – Америкада үлкен тәжірибе жинап, болашақта өз таэквондо мектебімді ашу. Бірақ басты арманым – қай жерде жүрсем де, өзімнің қазақ екенімді ұмытпай, Қазақстанның атын әлемге таныту. Елдің абыройын көтеру – мен үшін үлкен міндет», – дейді спортшы.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар