жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Jetour G700: Қытайлықтар суда жүзе алатын көлік жасап шығарды

Jetour G700: Қытайлықтар суда жүзе алатын көлік жасап шығарды
Dubicars.com
Ерекшелігі – ол тек құрлықта емес, суда да қозғала алады.

Қытайдың Chery компаниясы өз бренді — Jetour аясында жаңа G700 жол талғамайтын көлігін ұсынды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Көліктің артқы бөлігіне орнатылған екі электрқозғалтқыштың (әрқайсысы шамамен 24 ат күші) арқасында Jetour G700 су бетінде сағатына 7 км жылдамдықпен жүзе алады. Сондай-ақ, ол тұрақтылықты қамтамасыз ететін гироскоп жүйесімен және әскери үлгідегі ескек бұрандалары бар амфибиялық құрылғымен жабдықталған.

Көлік бір мезетте 7–8 адамды таси алады. Дегенмен, шамамен бір сағат жүзгеннен кейін оны міндетті түрде құрлыққа шығарып, бөлшектерін кептіру қажет.

Амфибиялық жүйенің құны әзірге жария етілмеген. Jetour G700 моделінің бұл нұсқасы компанияның ресми сайтында 19 қазаннан кейін конфигурацияға қосылуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай функция — маркетингтік ерекшелік ретінде жасалған, өйткені Қытайда жол талғамайтын көліктер негізінен қалалық ортада пайдаланылады.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар