жұма, 5 желтоқсан, 2025 19:39

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мексикадағы дүкенде болған жарылыс болып, 22 адам қаза тапты

Мексикадағы дүкенде болған жарылыс болып, 22 адам қаза тапты
Фото: еspecial
Тағы 12 адам түрлі дәрежедегі күйікпен ауруханаға жеткізілді.

El Universal басылымының хабарлауынша, Мексиканың Эрмосильо қаласындағы дүкенде болған жарылыстан кемінде 22 адам, соның ішінде төртеуі – бала, көз жұмды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Оқиға орнында өрт тұтанып, ол дүкеннің кіреберіс маңынан басталған. Көптеген сатып алушылар іште қалып қойған. Құтқарушылар оттың көрші ғимараттарға таралуына жол бермеді.

Сонора штатының билігі жарылыстың себебін анықтау үшін тергеу бастады. Алдын ала болжам бойынша, төтенше жағдайға техникалық ақау немесе жанғыш заттардың болуы себеп болуы мүмкін.

Аймақ губернаторы Альфонсо Дурасо қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, зардап шеккендерге көмек көрсетуді тапсырды. Эрмосильо қаласының әкімдігі қайғылы оқиғаға байланысты барлық мәдени шараларды тоқтатты.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар