2026 жылдан бастап зейнетақы төлемдері неше пайызға өседі?
- авторБақытжан Бекболат
- 2 қараша, 2025
- 1.2k
Сенатқа Мәжіліс мақұлдаған 2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы келіп түсті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдеріне бөлінетін қаражат көлемі 10 пайызға ұлғайтылады. Бұл өсім зейнеткерлік жасқа байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақыларға қатысты болмақ.
Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап төмендегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бекітіледі:
ең төменгі жалақы – 85 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге;
ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;
айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге;
тіршілік минимумының мөлшері – 50 851 теңге.
Осылайша, алдағы жылдан бастап зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер көлемі артады.






