жұма, 5 желтоқсан, 2025 23:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Пентагон Қытаймен ықтимал соғысқа дайындық ретінде одақтастарынан нақты жауап күтуде

Пентагон Қытаймен ықтимал соғысқа дайындық ретінде одақтастарынан нақты жауап күтуде
Depositphotos.com
Financial Times газетінің жазуынша, Вашингтонның Жапония мен Аустралиядан нақты міндеттемелер талап етуі – АҚШ тарапынан қойылған жаңа талап.

Басылым дерегінше, АҚШ қорғаныс министрінің орынбасары Элбридж Колби бұл мәселені жуырда екі елдің қорғаныс ведомстволарымен өткен кездесулерде көтерген, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Газеттің бес дереккөзі АҚШ-тың Индо-Тынық мұхиты аймағындағы одақтастарын Қытаймен Тайвань үшін болар-болмас соғысқа дайын болуға және сес көрсету қабілетін арттыруға көндіруге тырысқанын хабарлаған. Бұл, соның ішінде, қорғаныс шығындарын ұлғайтуды да қамтиды. Дегенмен, басылым еске салғандай, АҚШ-тың өзі Тайваньға қатысты нақты әскери кепілдік бермейді, «стратегиялық белгісіздік» саясатын ұстанып келеді.

Ал осы арада, 12 шілде күні Тайвань армиясы «Хань Куан» атты ауқымды әскери оқу-жаттығулар аясында HIMARS реактивті зымыран жүйелерін орналастыра бастады. Бұл жаттығулар Тайваньның кез келген басқыншылыққа қарсы тұруға әзір екенін көрсету мақсатында ұйымдастырылған. HIMARS жүйесі тиелген екі әскери жүк көлігі аралдың орталық жағалауындағы Тайчжун қаласы маңында байқалған. Алдағы күндері оқу және жауынгерлік оқ атулар өтеді деп күтілуде. Өткен жылы Тайвань АҚШ-тан осы HIMARS жүйесінің алғашқы 11 бірлігін алған болатын (жалпы саны – 29). 300 шақырымға дейін жететін бұл қару Тайвань бұғазының арғы бетіндегі Қытайдың Фуцзянь провинциясына дейін жетіп, соққы бере алады.

Пекин Тайваньды өз территориясының бір бөлігі деп есептейді және қажет болса, күш қолдану арқылы аралды Қытаймен «қайта біріктіруге» уәде берген. Осыған байланысты Қытай соңғы уақытта әскери қысымды күшейтіп келеді. Ал Тайвань болса, Қытайдың бұл талаптарын үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар