Жаңалықтар
Оралда құмар ойынға әуестігі үшін 16 мемлекеттік қызметші жұмыстан қуылды
- авторАрайлы Жақсылық
- 12 шілде, 2025
- 545
Бас прокуратураның мәліметінше, Орал қаласының әкімдігі мен полициясының 24 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылған.
Мәселен, «OLIMPBET» ЖШС-нің ақпаратына сәйкес, әкімдік қызметкерлерінің бірі 2021 жылғы 5 маусымнан 2025 жылғы 22 қаңтарға дейін өзінің жеке шотына 34 047 142 теңгеден астам қаражат салған. Оның ішінде заңнамаға өзгерістер күшіне енгеннен кейін 1 741 000 теңге салып, соның 971 000 теңгесін ұтылып қалған.
2024 жылғы 9 қыркүйектен бастап мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді бұзу болып есептеледі.





