жұма, 5 желтоқсан, 2025 17:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Несиені үш айға шегеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр

Несиені үш айға шегеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр
Pixabay.com
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі мәлімдеді

Енді несиесін төлей алмай жүрген азаматтар несиені үш айға кейінге шегере алады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл мүмкіндік әлеуметтік осал топтарға жататын адамдарға және төтенше жағдайдан зардап шеккен қарыз алушыларға беріледі. Жаңа ережеге сәйкес, табысы азайғанын құжатпен дәлелдей алған жағдайда, банк немесе микроқаржы ұйымы төлемді кейінге қалдыруды қарастыруға міндетті.

Мұндай жеңілдік берілген кезде қарыз алушыдан ешқандай комиссия немесе қосымша төлем алынбайды. Бұл бастама азаматтарға қысқа мерзімді қаржылық жеңілдік беру арқылы қиын кезеңнен шығуға мүмкіндік береді.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл тетікті проблемалық қарыздарды реттеуді оңайлату мақсатында ұсынып отыр. Заң жобасы ашық талқылауға шығарылды.

Жаңа тәртіп қабылданған жағдайда, қиындыққа тап болған азаматтар банктерге немесе микроқаржы ұйымдарына өтінішпен жүгініп, төлемді үш айға шегере алады. 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар