жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:07

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ербол Қарашөкеев: "Қоймалар – маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығының кепілі"

Ербол Қарашөкеев: "Қоймалар – маусымаралық кезеңде баға тұрақтылығының кепілі"
Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласын аралау барысында Әулиеата ауданына қарасты «Шайқорық» алқабындағы көтерме көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Аталған қойманың жалпы сыйымдылығы – 2000 тонна, ал аумағы – 1000 шаршы метрді құрайды. Жобаны жүзеге асыруға 312 млн теңге бағытталған. Оның ішінде 100 млн теңге «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы тарапынан қаржыландырылған.

Қоймада -18°С-тан +1°С-қа дейінгі температура режимінде көкөніс және басқа да өнім түрлері сақталады. 

Ербол Қарашөкеев көкөніс сақтау қоймалары баға тұрақтылығын қамтамасыз етудің маңызды тетігі екенін алға тартып, кәсіпкердің бастамасына алғыс білдірді.

– Өнімді ұзақ мерзімге сақтауға мүмкіндік беретін қоймалар арқылы маусымаралық кезеңде азық-түлік бағасының күрт өзгеруінің алдын алуға болады. Біз мұндай қойма салуға ниетті кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайынбыз, – деді облыс әкімі. 

Өңір басшысы ардагерлердің игілігі үшін бой көтерген Белсенді өмір сүру орталығын аралап көрді. 

Мердігер мекемеге құрылыс жұмыстарын сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау тапсырылды.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар