Фотосуретті 3D-модельге айналдыратын Telegram-бот іске қосылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 наурыз, 2026
- 37
Бұл жаңа құрал алғашқыда зертхана командасының өз инженерлік міндеттерін жеделдету, атап айтқанда күрделі «цифрлық егіздер» жобаларына қажетті нысандарды жылдам дайындау мақсатында жасалған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Алайда жүйенің сәтті бапталғанына көз жеткізген мамандар бұл мүмкіндікті студенттер мен оқытушылардың оқу-тәжірибелік жұмыстарына көмекші ретінде тегін қолданысқа беруді ұйғарды.
Шешім NVIDIA GB10 Grace Blackwell чипімен жабдықталған ASUS Ascent GX10 есептеу қуаттарында жүзеге асырылды. Пайдалану барысында бір ғана сурет арқылы нысанның көлемін анықтап, оның пішінін толық құрастырып шығады. Қазіргі уақытта @img_2_3d_bot арқылы қолжетімді сервис оқу материалдарын визуализациялауға, презентацияларға арналған 3D үлгілерді жасауға және жаңа жобалардың алғашқы макеттерін дайындауға өте тиімді.
Жоба жетекшісі, ассистент-профессор Гүлшат Әмірханованың айтуынша, бағдарламаны ішкі сынақтан өткізгеннен кейін оны пәнаралық жобаларға, яғни IT мамандарынан бөлек, инженерлер, медиа мамандары мен жаратылыстану бағытындағы зерттеушілер үшін де пайдалы құрал ретінде ұсыну туралы шешім қабылданған.
Дегенмен бот әзірге тестілік режимде жұмыс істейтіндіктен, нәтиженің сапасы жіберілген суреттің анықтығына, жарығына және фонының тазалығына тікелей байланысты екенін ескерген жөн. Сондай-ақ жүйе нысандарды көрнекі түрде бейнелеуге арналғандықтан, фото бойынша ғылыми дәлдіктегі өлшемдерді талап ететін реконструкциялар үшін қолданылмайды.
DigitalEgiz командасы пайдаланушылардың кері байланысы негізінде сервисті жетілдіруді жалғастырады, сондықтан бұл бот алдағы уақытта университет студенттерінің жобалық жұмыстарында маңызды цифрлық құралға айналмақ.
Ұқсас жаңалықтар
Алғашқы сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
Жаңа пән: Мектептер мен колледждерде құқықтық мәдениет сабағы басталды
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






