Саясат
Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады
- авторСадуақас Айсұлу
- 31 наурыз, 2026
- 54
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді
Кездесуде Қазақстанның тау-кен, металлургия салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның еліміздегі өндірістік қызметі, өңдеу қуатын арттыру және холдингтің өнеркәсіп нысандары орналасқан аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешу жоспары жөнінде мәлімет берілді.






