Түркияда өткен тағылымдама: қазақстандық дәрігерлер жаңа емдеу әдістерін меңгерді
- авторБақытжан Бекболат
- 1 қараша, 2025
- 209
Түркияның Коджаэли медицина университетінің университеттік клиникасында 14 қазақстандық дәрігер – неонатологтар, акушерлер және гинекологтар екі кезеңнен тұратын тағылымдамалық бағдарламаға қатысты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Тағылымдаманың мақсаты – жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясы мен акушерлік саласында мамандардың біліктілігін арттыру, сын жағдайлардағы диагностика мен емдеудің заманауи халықаралық тәсілдерін меңгеру болды.
Бағдарлама жаңа туған нәрестелердің қарқынды терапиясы, акушерлік патология және сепсис бойынша дәрістерді, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелеріндегі практикалық сабақтарды, күрделі клиникалық жағдайларды талқылауға қатысуды, сондай-ақ заманауи жабдықтармен және емдеу хаттамаларымен танысуды қамтыды.
Дәрігерлер құнды практикалық тәжірибе алып, жаңа әдістемелерді игерді және түрік әріптестерімен кәсіби байланыстарды нығайтты. Алынған білім Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіне озық тәсілдерді енгізуге негіз болады.
Бағдарламаның үшінші кезеңі 2025 жылғы 10–21 қараша аралығында MedicalPark клиникасында өтеді және ол акушерлік пен гинекологиядағы қарқынды терапия мәселелеріне арналмақ.
Түзеу мекемесінде сенбілік өтті
Ұқсас жаңалықтар
МӘМС - денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2025





