"Жарна төлеп те, тегін тексеруден қағылуы мүмкін" — Министрлік МӘМС жүйесінде мәселе күрделі екенін мойындады
- авторАрайлы Жақсылық
- 23 шілде, 2025
- 611
Журналистер: "Қазақстандықтар ай соңында қаржыландыру лимиті біткені үшін тегін тексеруден өте алмайтын болса не үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеуі керек?" - деген сауал қойды.
— Өкінішке қарай, сұрағыңыздың жаны бар. Медициналық ұйымдар алдын ала бекітілген жоспар бойынша қаржыландырылады. Егер сол лимиттен асып кетсе, тіпті қызмет көрсетілгеннің өзінде ол өтелмеуі мүмкін, — деп жауап берді Қасымова.
Оның айтуынша, мұндай жағдайлардың алдын алу үшін емханалар алдын ала жоспарланған қабылдаулар арқылы жұмыс істеуге тырысады, бұл профилактикалық тексерулер кестесінің бұзылмауына септігін тигізеді. Дегенмен, маманның сөзінше, шұғыл жағдайларда ешқандай шектеу есепке алынбайды және медициналық көмек толық көлемде көрсетіледі.
Ұқсас жаңалықтар
МӘМС - денсаулық кепілі: тұрғындарға жүйенің артықшылықтары түсіндірілді
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2025





