Экономика
2021 жылдың маусым айында қаржы нарығындағы ахуал қандай болды
- авторjambylinfo.kz
- 30 шілде, 2021
- 284
2021 жылдың маусым айында қаржы нарығындағы ахуал қандай болды
ҚР Ұлттық банкі 2021 жылғы маусым айындағы қаржы нарығындағы ахуалға шолу жасады.
Инфляция және инфляциялық күтулер
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының деректері бойынша, 2021 жылдың маусым айында инфляция 1,1% (2020 жылғы маусымда – 0,4%) болды.
Жылдық инфляция 7,9% (2020 жылғы желтоқсанда – 7,5%) деңгейінде қалыптасты. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлік тауарларының бағасы 10,6%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 6,9%-ға, ақылы қызметтер – 5,6%-ға өсті.
Алдын ала деректер бойынша, Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері биылғы маусым айында 3,9%-ға (жылдың басынан бастап 1,6%-ға) төмендеп, 35,1 млрд АҚШ долларын құрады.
Төлем жүйелері
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 19 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аударымдар жүйелері, төлем карточкалары жүйелері жұмыс істеп тұр. 2021 жылғы маусымда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 68,2 трлн теңгеге 4,7 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы мамырмен салыстырғанда, саны бойынша 4,6%-ға, сомасы бойынша – 0,4%-ға ұлғайды). Орта есеппен бір күнде көрсетілген төлем жүйелері арқылы 3,8 трлн теңгеге 214,2 мың транзакция жүргізілді. 2021 жылғы 1 шілдеде 21 банк пен «Қазпошта» АҚ Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын шығарды.
Эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 54,0 млн бірлік болды. Оның ішінде 2021 жылғы мамырда төлем карточкаларының 48,2%-ы (26,1 млн) қолма-қол ақшасыз операцияларды және (немесе) қолма-қол ақшаны алу операцияларын жүргізу үшін пайдаланылды. Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып 2021 жылғы маусымда 8,4 трлн теңгеге 533,3 млн транзакция жүргізілді (2021 жылғы мамырмен салыстырғанда, транзакциялар саны 0,2%-ға, сомасы 13,2%-ға ұлғайды). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялардың саны бойынша қолма-қол ақшасыз төлем операцияларының үлесі 95,4% (508,7 млн теңге) болды. Осы кезеңдегі қолма-қол ақшасыз операциялар көлемінің үлесі 74,4% (6,2 трлн теңге) болды.
2021 жылғы маусымда халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы жіберілген ақшаның жалпы көлемі 109,0 млрд теңгеге 0,3 млн аударым болды. 2021 жылғы мамырмен салыстырғанда, ақша аударымдары көлемінің ұлғаюы 39,6% болды. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санынан 81,3% (0,2 млн транзакция) және транзакциялардың жалпы сомасынан 94,4% (102,9 млрд теңге) бағытталды. Қазақстан бойынша ақша аударымдары жүйелері арқылы транзакциялардың жалпы санынан 18,7% (0,1 млн транзакция) және жалпы сомасынан 5,6% (6,1 млрд теңге) жүргізілді. Шетелден халықаралық ақша аудару жүйелері арқылы 24,9 млрд теңгеге 0,1 млн транзакция алынды.
Зейнетақы жүйесі
2021 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2021 жылғы қаңтар-маусымда 145,6 млрд теңгеге немесе 1,1%-ға азайып, 12 767,8 млрд теңге болды. 2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2021 жылғы 1 шілдеде 6 304,6 млрд теңгеге дейін 751,0 млрд теңгеге ұлғайды.
Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны ескере отырып) 2021 жылғы 1 шілдеде 10,9 млн шот болды. 2021 жылғы қаңтар-маусымда зейнетақы төлемдерінің сомасы 1,7 трлн теңге болды. 2021 жылғы 1 шілдеде БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінде негізгі үлес Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына және Қазақстан Республикасы эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен тиісінше 39,6% және 25,9%) тиесілі.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз