жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 14:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын алды?

Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын алды?
ашық дереккөзі
Қанша қазақстандық зейнетақы жинағын алды?
8 мыңнан аса қазақстандық зейнетақы жинақтарын алды. Бұл туралы "Отбасы банк" мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Достар, алғашқы біржолғы зейнетақы төлемдері - 8 693 қазақстандықтың арнайы шоттарына түскені туралы қуана хабарлаймыз! Отбасы Банк - біржолғы зейнетақы төлемдерін мақсатты пайдалануға арналған өтінімдерді 2 жұмыс күні ішінде қарайды және БЖЗҚ қаражатты өтініш берушінің арнайы шотына 5 жұмыс күні ішінде аударылатынын естеріңізге саламыз. Ақша түскеннен кейін - жеке кабинеттегі ақпарат жаңартылады және 45 күн ішінде құжаттарды жүктеп тізімнен банкті таңдау мүмкіндігі пайда болады. enpf-otbasy.kz жеке кабинеті арқылы жүктелген файлдар мақұлдағаннан кейін қабылдаушы тарапқа: сатушыға/банкке/ипотекалық ұйымға 10 жұмыс күні ішінде, көрсетілген деректемелерге қаражат аударылады", - делінген хабарламада.⠀
Еске салайық, 23 қаңтарда сағат 09.00-де зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға өтінімдерді қабылдау басталды.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар