Экономика
Атырауда мұнай компаниясы 700 млнға жуық теңгенің газын "желге ұшырған"
- авторМағжан Орынбасар
- 8 тамыз, 2024
- 302
Өйткені, жер қойнауын пайдалану кезінде заңдылықтың сақталмаған
Атырау облысында «ANACO» ЖШС 2018-2023 жылдар аралығында көлемі 4 237 248 м3 шикі газдың жоғалуына жол беріліп, жер қойнауын ұтымсыз пайдаланған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекстің 125-бабының 2-тармағы және 147-бабының 4-тармағының талаптарын өрескел бұзу дейді прокуратура. Яғни көмірсутектерді өндіру оның жоғалуын болдырмайтын әдістер мен тәсілдер арқылы жүзеге асырылуы керек.
- Қадағалау актісінің негізінде Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциясының батыс өңіраралық басқармасымен мемлекетке келтірілген залал мөлшері есептеліп, 673 130 278 теңгені құрады. Жер қойнауын пайдаланушымен ерікті түрде 285 000 000 теңге төленді,- делінген ресми хабарламада.