жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 4:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда «Наурыз» жаңа ипотекасы басталады: оның шарттары қандай

Қазақстанда «Наурыз» жаңа ипотекасы басталады: оның шарттары қандай
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бүгін Үкімет отырысында «Отбасы» банк төрағасының орынбасары Нұрлан Ақшанов 1 мамырдан басталатын «Наурыз» жаңа ипотекалық бағдарламасының шарттарын айтып берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Айта кетейік, жаңа ипотекалық бағдарлама Президенттің тапсырмасына орай жасалған.

Шар талаптарына тоқталсақ:

  • депозитті ашу мерзіміне ешқандай талап қойылмайды;
  • Депозитте кемі 1 млн теңге болу керек
  • Үміткер соңғы 5 жылда тұрғын үй және тұрғын үйге қатысты операциялар жасамауы керек
  • Ипотекалық несие әлеуметтік осал топтарға 7 пайызбен, қалған санаттағы азаматтар үшін 9 пайызбен беріледі;
  • Алғашқы жарна - 20 пайыз;
  •  Қарыз мерзімі 19 жыл;
  •  Өтініш беру 1 мамырдан басталады;

Нұрлан Ақшанов хабарлағандай, бағдарлама бойынша Астана мен Алматыдағы үй бағасы 36 млн теңге, өңірлерде 30 млн теңге болып бекіту ұсынылған.

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев хабарлағандай, осы жылы бағдарлама бойынша 300 млрд теңгеге 12 мың ипотекалық несие берілсе, одан әрі 8 мың несие беру үшін жыл сайын 200 млрд теңге қарастырылады.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар