Экономика
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде сақтап қалды
- авторjambylinfo.kz
- 12 сәуір, 2024
- 546
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
«Инфляция бойынша 5% мақсатқа жету үшін қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Жылдық инфляция 2024 жылдың наурыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі – инфляцияның төмендеуіне септігін тигізді», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
Енді Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін мамырда қабылдайды.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз