жексенбі, 8 желтоқсан, 2024 4:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбыл облысы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС ынтымақтастықты жандандыруда

Жамбыл облысы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС ынтымақтастықты жандандыруда
ашық дереккөзі
Жамбыл облысы мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС ынтымақтастықты жандандыруда
«Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС Бас директоры Нұржан Әбдімомынов жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Компания басшысы бірқатар өндірістік нысандарды аралап, «Бурное» күн электр станциясын және «Тараз химиялық паркі» АЭА-да болды. Қуаттылығы 100 МВт болатын станыияны “СКУГ” бірлескен кәсіпорны басқарады (49% «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, 51% британдық United Green компаниясына тиесілі). Бұл - Қазақстан Республикасындағы баламалы энергетика саласындағы алғашқы сәтті жобалардың бірі. Станция іске қосылғаннан бері электр энергиясын өндіру жоспарын асыра орындады десек, бүгінге дейін 580 млн. кВт/с.-тан астам қуат өндірілген. Сондай-ақ, Нұржан Әбдімомынов облыс басшылығымен бірқатар кездесулер өткізді. Кездесулерде Жамбыл облысында азық-түлік, ауылшаруашылық өнімдері, химия өнеркәсібі саласындағы бірлескен жобалардың жүзеге асырылу барысы талқыланды. Өңірге инвестиция тартуды арттыру мақсатында облыс әкімдігі «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС-не жалпы құны 343,2 млрд. теңге болатын 23 жоба бойынша материалдарды ж ұсынды. Сондай-ақ, облыс әкімдігі мен «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды, оның аясында тараптар жақын арада пысықталған бірнеше жобаны анықтап, әлеуетті инвесторлармен жұмысты бастауға келісті.
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар