жұма, 8 мамыр, 2026 9:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

4 мың метр биіктіктен альпинист тікұшақпен эвакуацияланды

4 мың метр биіктіктен альпинист тікұшақпен эвакуацияланды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Министрліктің дерегінше, Панфиловшы батырлар шыңына (4120 м) ұйымдастырылған жаппай альпиниада барысында 2008 жылы туған қатысушының денсаулығы сыр берген. Алдын ала диагноз бойынша, оған жедел тау ауруы мен өкпе ісінуі анықталған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Құтқарушылар шұғыл әрекет етіп, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетті. Алматы қалалық ТЖД Құтқару қызметінің мамандары оны Мәншүк Мәметова атындағы №6 мореналық көл аумағына дейін түсірген.

Одан кейін эвакуация жұмысына ТЖМ-нің «Барыс» республикалық жедел-құтқару жасағы мен «Қазавиақұтқару» тікұшағы тартылды. Альпинист әуелі «Медеу» тікұшақ алаңына жеткізіліп, кейін Апаттар медицинасы орталығының мамандары оны №12 қалалық клиникалық ауруханаға апарған.

Дәрігерлердің айтуынша, зардап шегушінің жағдайы – орташа ауыр. Қазіргі уақытта қажетті ем қабылдап жатыр.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар