жұма, 8 мамыр, 2026 9:28

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға қайта оралды

Хоккейден Қазақстан құрамасы элиталық дивизионға қайта оралды
olympic.kz
Бұған дейін отандастарымыз 2021-2025 жылдар аралығында элиталық дивизионда бес жыл бойы тұрақты өнер көрсеткен еді.

Польшаның Сосновец қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының I дивизион (А тобы) матчында Қазақстан ерлер құрамасы Украинаны буллитте жеңіп, мерзімінен бұрын элиталық дивизионға жолдама алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Негізгі уақыт аса тартысты өтіп, кездесу 4:4 есебімен тең аяқталды. Ал буллит сериясында қазақстандық хоккейшілер мықтылық танытып, жеңісті өз еншісіне жазды.

Осы нәтижеден кейін ұлттық құрама 11 ұпай жинап, келесі маусымда әлемнің үздік 16 құрамасы өнер көрсететін элиталық дивизионда бақ сынайтын болды.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұған дейін де 2021-2025 жылдар аралығында элиталық деңгейде тұрақты ойнап келген.

Енді жерлестеріміз турнирдегі соңғы матчын ертең Франция құрамасына қарсы өткізеді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар