жұма, 26 желтоқсан, 2025 23:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ақтөбе облысында жоғалған азамат аман табылды

Ақтөбе облысында жоғалған азамат аман табылды
Видеодан скрин жасалды
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

26 желтоқсанға қараған түні Ақтөбе облысы Шалқар ауданына қарасты Шетырғыз ауылдық округінің аумағында, Қаратоғай ауылы маңында 1983 жылы туған малшының жоғалуына байланысты іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Алдын ала мәлімет бойынша, азамат шаруа қожалығының аумағынан жаяу шығып, Шалқар қаласы бағытына бет алғаннан кейін хабар-ошарсыз кеткен. Онымен мобильді байланыс орнату мүмкін болмады.

Іздестіру шараларына Төтенше жағдайлар министрлігінің, полиция департаментінің күштері мен құралдары, ауыл құтқарушылары, сондай-ақ шаруа қожалығының қызметкерлері жұмылдырылды.

Нәтижесінде бүгін таңертең жоғалған азамат іздестіру тобы арқылы Сарысоқы ауылынан шамамен 2 шақырым қашықтықта табылды. Ер адамның жағдайы қанағаттанарлық, медициналық көмекке мұқтаж емес.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар