сенбі, 27 желтоқсан, 2025 1:50

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда спорт саласының үздіктері марапатталды

Жамбылда спорт саласының үздіктері марапатталды
Фото - Jambylinfo.kz
Биыл жерлестеріміз республикалық және халықаралық ресми спорттық жарыстарда 1856 медальға ие болды

Спорт саласында елеулі жетістіктерге қол жеткізген жамбылдық спортшыларға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Көне Тараз» тарихи-мәдени кешенінде өткен іс-шараға үздік спортшылар,  жаттықтырушылар мен сала ардагерлері арнайы қатысты. Бұл күні ең әуелі көпшіліктің назарына осы жылы өңіріміздің спорт саласындағы жеткен жетістіктері топтастырылған бейнеролик ұсынылды. Мұнан соң сөз алған облыс әкімі Ербол Қарашөкеев нақ осы саладағы толайым табыс – ерік-жігері мықты спортшылар мен тәжірибелі жаттықтырушылардың жүйелі жұмысының нақты көрінісі екенін атап өтті.

– Есепті кезеңде біздің спортшыларымыз республикалық және халықаралық ресми спорттық жарыстарда 1856 медальға ие болды. Оның ішінде биылғы жылдың басты додасы – Токиода өткен Сурдлимпиада ойындарында жамбылдық 12 спортшы бақ сынап, 1 алтын, 3 күміс, 2 қола медаль жеңіп алды. Атап айтқанда, Айдос Түгелбаев дзюдодан Сурдлимпиада ойындарының жеңімпазы атанса, Фериде Кара-оглы күміс медальға, Анна Краморова күміс және қола медальға қол жеткізді. Еркін күрестен Ғабит Есжанов күміс, Ғасыр Тұрғынбай қола жүлдегер атанды. Сондай-ақ жерлестеріміз өзге де спорт түрлерінде Әлем және Азия чемпионаттары мен беделді халықаралық бәсекелерде жеңіс тұғырынан көрінді, – деді Ербол Шырақпайұлы.

 

Айта кетейік, қазіргі таңда облыс аумағында дене шынықтырумен және спортпен шұғылдануға мүмкіндік беретін 2 465 нысан тұрақты жұмыс істейді. Мұндағы 112 спорт кешені осы жылы ел игілігіне берілген. Нәтижесінде, жүйелі түрде спортпен шұғылданатындардың қатары 44,8 пайызға жеткен.

Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар