«Ақ жол» демократиялық партиясы Мәжілістегі бос орынға жаңа депутат таңдады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Фракцияның орталық кеңсесінде өткен партияның ұлттық кеңесі пленумында Ержан Бейсенбаевтың өз еркімен депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініші қабылданды.
Партия төрағасы Азат Перуашевтың айтуынша, босап қалған мандат партиялық тізім бойынша жастар квотасына сәйкес Алматы қалалық филиалының төрағасы Олжас Нұралдиновке берілді.
Енді Мәжіліс депутатының мандатын беру туралы шешім Орталық сайлау комиссиясында тіркелуі қажет.
Олжас Нұралдинов туралы қысқаша:
1989 жылы туған;
кәсіпкер;
Алматы қалалық мәслихатының депутаты болған;
мәслихаттың экономика және қаржы жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары қызметін атқарған;
Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің ІІІ және IV шақырылымдарының мүшесі.
Ал Ержан Бейсенбаев 2023 жылдың наурыз айында Мәжіліс депутаты болып сайланған. Ол қаржы және бюджет комитетінің құрамында еңбек еткен.






