жұма, 5 желтоқсан, 2025 18:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Депутат Асхат Аймағамбетов маңызды жаңалықпен бөлісті

Депутат Асхат Аймағамбетов маңызды жаңалықпен бөлісті
Фото: instagram.com/aimagambetov
Ол Қазақстандағы дәрігерлерді даярлау жүйесінің болашағы туралы пікірлерін оқырмандарымен бөлісті.

Асхат Аймағамбетов әлеуметтік желіде Қазақстандағы дәрігер даярлау жүйесіне қатысты маңызды жаңалығымен бөлісті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

«Біздің болашақ дәрігеріміз қандай болу керек? Кеше Қарағандыда өткен дөңгелек үстелде Қазақстандағы дәрігер даярлау жүйесінің болашағы талқыланды. Денсаулық сақтау министрлігі НИМО моделінен бас тартып, қайтадан «бакалавриат 5 жыл+ интернатура 2 жыл» жүйесіне көшу бастамасын көтерді. Пікір қайнады. Бір тарап: «Интернатура болмаса, ауылдар мен емханалар дәрігерсіз қалады» десе, екіншілері: «Әлі шыңдалмаған, дайын емес түлекті халықтың денсаулығына жауапты ету – қауіпті» деп алаңдады. Алайда бұл дау кредит пен оқу жоспары жайлы емес. Бұл – болашаққа қатысты дау.

Ертеңгі дәрігеріміз кім болмақ? Ауылға барып алғашқы көмек көрсететін жас маман ба? Әлде резидентураны бітірген, шыңдалған, тар бейінді маман ба? Осы сауалдардың төңірегінде ректорлар, ғалымдар, сарапшылар мен денсаулық басқармаларының басшылары пікір алмасты. Мүмкін, дұрыс шешім «қара» немесе «ақ» таңдауда емес шығар.

Қазақстанға тәжірибеге де, ғылымға да, мамандандыруға да есік ашатын ақылды, көптректік жүйе қажет. Ең бастысы – барлық дауысты есту, тепе-теңдікті табу. Өйткені бұл тек білім жүйесі жайлы талқылау емес. Бұл – әрқайсымыздың денсаулығымыз жайлы әңгіме», – деп жазды депутат әлеуметтік желідегі парақшасында.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар