Алдағы күндері ел аумағында +35 градус ыстық күтіледі
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 15:23
- 1
Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы сипатта болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Синоптиктердің болжамынша, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей өңірлерде бұршақ түсуі мүмкін. Сонымен қатар, желдің екпіні күшейіп, тұрғындарға сақ болу ұсынылады.
5 мамыр күні еліміздің солтүстік аймақтарында қатты жаңбыр күтілсе, 6–7 мамыр аралығында батыс өңірлерде жауын-шашын күшейеді деп болжанып отыр. Бұдан бөлек, республиканың батыс бөліктерінде түнгі және таңғы уақыттарда тұман түсуі ықтимал.
Ауа температурасына келсек, республика аумағында айтарлықтай өзгеріс болмайды, тек аздаған ауытқулар байқалады. Елдің оңтүстік өңірлерінде күндізгі температура +22…+32°C шамасынан +27…+36°C-қа дейін жоғарылайды. Ал оңтүстік-шығыста ауа температурасы +15…+30°C-тан +20…+35°C аралығына көтеріледі.




