жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:00

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды

Астанада мүмкіндігі шектеулі азаматтардың атына автонесие рәсімдеген қылмыстық топ ұсталды
Pixabay.com
Бұл туралы Астана қалалық прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада мүмкіндігі шектеулі жандардың атынан жалған автокредиттер рәсімдеген қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Тергеу мәліметінше, күдіктілер әлеуметтік осал азаматтарды "бағдарламаға қатысасың", "қосымша табыс табасың" деп алдап, несиені өз атына рәсімдеуге көндірген. Құжаттарға қол қойған адамдар алданғанын кеш білген – нәтижесінде олар көліксіз қалып, қомақты қарыздың астында қалған.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 250 миллион теңгеден асып кеткен. Бұл қаражаттың бәрі қылмыстық топ мүшелерінің жеке қажетіне жұмсалған.

Алаяқтықты ұйымдастырушылар ұсталып, қылмыстық ұйым құру және алаяқтық бабымен сотқа берілді.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар