жұма, 5 желтоқсан, 2025 15:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Backstreet Boys концертіне билетті қайдан алуға болады

Backstreet Boys концертіне билетті қайдан алуға болады
Фото: Астана қаласы әкімдігі
Backstreet Boys тобының концерті 21 қыркүйек күні “Астана Арена” стадионында өтеді

Әлемге әйгілі Backstreet Boys тобының Астанадағы концертіне билеттерді Kompas, Sanat және Skyway LTD туроператорларынан сатып алуға болады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Ұсынылатын турпакетке концертке билеттен бөлек, қонақүйге орналастыру, көлікпен тасымалдау, экскурсиялық және мәдени бағдарлама да кіреді.

Бұдан бөлек, Дубайлық компания қосымша 1000 билет таратуды жоспарлап отыр. Бұл келісім концертті ұйымдастырушылар мен G Studio креативтік орталығы арасында жасалған.

Backstreet Boys тобының концерті 21 қыркүйек күні “Астана Арена” стадионында өтеді. Билеттер бағасы 40 мың теңгеден басталады.

Айта кетейік, бұған дейін Астанадағы Дженнифер Лопестің концертіне де билеттер осындай турпакет арқылы сатылған болатын. Туризм және спорт министрлігі бұл тәсіл – шетелдік қонақтардың жайлылығын арттыруға бағытталған әлемдік тәжірибе екенін мәлімдеген.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар