сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 15:24

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды

Қазақстанға үшінші елдерден карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 заңбұзушылық анықталды
istockphoto.com
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

2026 жылдың басынан бері ҚР АШМ АӨК-тегі мемлекеттік инспекторлар өсімдіктер карантині саласындағы заңнама талаптарының бұзылуы бойынша үшінші елдерден еліміз аумағына карантинге жатқызылған өнімдерді әкелу кезінде 145 деректі анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"Карантиндік фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін өнімдерді әкелу әрекеттерінің жолы кесілді.

Заңбұзушылықтардың негізгі себептері фитосанитариялық сертификаттардың болмауы, карантиндік объектілердің анықталуы, сондай-ақ белгіленген фитосанитариялық нормалардың сақталмауы болды", - делінген хабарламада.

Тексерулердің қорытындысы бойынша өсімдіктер карантині саласындағы заңнаманы бұзуға жол берген тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс елдің фитосанитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, карантиндік объектілердің енуі мен таралуының алдын алуға, сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін қорғауға бағытталған.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар