Қазақстанда ЖИ көмегімен жер қойнауының интерактивті картасы әзірленді
- авторБақытжан Бекболат
- Бүгін, 10:29
- 54
Геология саласында мұрағаттық деректерді электрондық форматқа көшіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Бұл туралы Үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді.
Ол бүгінгі таңда бастапқы геологиялық ақпараттың 97%-дан астамы немесе шамамен 250 терабайт дерек сканерленгенін атап өтті.
«Бұл жұмысты жеделдету және сапасын арттыру үшін жасанды интеллектіні пайдалана отырып мұрағат материалдарын автоматты түрде өңдейтін және геологиялық модельдерді қалыптастыратын жүйе әзірленді», — деді Ерсайын Нағаспаев.
Цифрланған деректер Big Data бірыңғай жүйесіне біріктірілген. Жүйеге 1 терабайт деректер жүктелген, олар жасанды интеллект көмегімен өңделеді және жіктеледі. Жасанды интеллект координаттарды анықтап, негізгі деректерді іріктейді, бұл өз кезегінде ақпаратты жүйелеу уақытын қысқартады және шешім қабылдау сапасын жақсартады. Осы өңделген деректер негізінде жер қойнауының интерактивті картасы әзірленді. Жүйе ақпаратты ыңғайлы форматта сүзуге және талдауға, сондай-ақ перспективалы учаскелерді жедел анықтауға мүмкіндік береді.





