сейсенбі, 28 сәуір, 2026 11:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесті

Ғылым және жоғары білім министрі Қазақстандағы АҚШ Елшісімен кездесті
Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі
Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Джули Стаффтпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Сыпайылық ниеттегі бұл кездесу ведомство басшысы мен жаңадан тағайындалған АҚШ Елшісі арасындағы алғашқы ресми кездесу болды.

Келіссөздер барысында тараптар ғылым, жоғары білім және инновациялық қызмет салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы, басым бағыттары және болашақ даму перспективалары жөнінде пікір алмасты.

Кездесу аясында Қазақстан мен АҚШ арасындағы ғылым және жоғары білім саласындағы өзара іс-қимылдың қолданыстағы механизмдері мен негізгі бағыттары, соның ішінде бірлескен білім беру және ғылыми-зерттеу бастамалары туралы жаңартылған ақпарат ұсынылды. Академиялық және ғылыми ынтымақтастықты әрі қарай тереңдетудің, сондай-ақ институционалдық серіктестіктерді кеңейтудің маңызы атап өтілді.

Тараптар стратегиялық серіктестікті жүйелі түрде нығайтуға, практикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге және адам капиталының дамуына, ұлттық білім беру мен ғылым жүйелерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға өзара мүдделілігін растады, сондай-ақ жаһандық ғылыми-білім беру кеңістігіне одан әрі интеграциялану қажеттігін атап өтті.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар конструктивті диалогты жалғастыруға және белгіленген барлық бағыттар бойынша өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге дайын екендерін жеткізді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар