жұма, 12 желтоқсан, 2025 19:22

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне ескерту жасады

"ҚазАвтоЖол" көлік жүргізушілеріне ескерту жасады
istockphoto.com
Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ның баспасөз қызметі мәлімдеді

Еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы күрт нашарлауы мүмкін, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

"ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ дерегінше, 12 желтоқсанда еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының күрт өзгеруі мүмкін.

Атап айтқанда, Ақмола, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Ақтөбе, Ұлытау, Маңғыстау, Қызылорда және Түркістан облыстарының кей аймақтарында қар аралас жаңбыр, қар жаууы, сондай-ақ тұман, көктайғақ, жолдың сырғақтығы сияқты қолайсыз метеорологиялық құбылыстар болуы ықтимал.

"Осыған байланысты жүргізушілерден жылдамдықты төмендетіп, қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жолдағы қолайсыз жағдайларды ескеруді сұраймыз", – делінген хабарламада.

Жолдағы ахуал бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласып, жедел ақпарат ала аласыз.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар