жұма, 12 желтоқсан, 2025 21:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Құтқарушылар қар құрсауында қалған 88 адамды эвакуациялады

Құтқарушылар қар құрсауында қалған 88 адамды эвакуациялады
Төтенше жағдайлар министрлігі
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Түнде боран күшейіп, көріну қашықтығы шектелген Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының жабық жол учаскелерінде ТЖМ құтқарушылары үздіксіз авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қарға батып, жолда қалып қойған азаматтарды эвакуациялау операциялары бірнеше бағытта жүзеге асырылды.

Еңбекшіқазақ ауданында

Қосмос – Базаркелді, Қырбалтабай – Ақжал және Бөлек – БАК бағыттарында құтқарушылар 45 адамды қауіпсіз жерге жеткізді. Сонымен қатар, күртік қарда қалған 20 жеңіл көлік пен 1 жүк көлігі шығарылды.

Іле ауданында

Қонаев – Құрты тас жолында қар құрсауында қалған 43 адам, оның ішінде 1 бала, құтқарылды. Қызметкерлер сондай-ақ 20 жеңіл автокөлікті эвакуациялады.

Барлық азаматтар аман-есен жылыту пункттеріне және қауіпсіз аймақтарға жеткізілді.

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар