2026 жылғы 2 ақпанда еліміздің бірқатар аймақтарында қолайсыз ауа райы болжанып отыр, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Атап айтқанда, Абай, Ақмола, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар жаууы мүмкін.
Осыған байланысты жүргізушілерден жолға шығар алдында сапарларын алдын ала жоспарлап, қауіпсіздік шараларын күшейту сұралады. Қысқы ауа райы жол жағдайын күрделендіріп, көріну қашықтығын төмендетуі ықтимал.
Мамандар жол қозғалысы кезінде мынадай сақтық шараларын қатаң сақтауға кеңес береді:
көріну қашықтығы мен жол жамылғысының жағдайына сәйкес қауіпсіз жылдамдықты таңдау;
көлік құралдары арасындағы арақашықтықты сақтау және күрт маневр жасаудан аулақ болу;
жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындап, өзіңіздің және өзге жол пайдаланушылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қою.
Сонымен қатар, жолдағы ахуал мен енгізілуі мүмкін уақытша шектеулер туралы нақты ақпаратты тәулік бойы жұмыс істейтін 1403 байланыс орталығына хабарласу арқылы білуге болады.






