дүйсенбі, 2 ақпан, 2026 17:37

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды
olympic.kz
Australian Open турниріндегі жеңісі Рыбакинаға 2000 рейтингтік ұпай әкелді. Қазір оның еншісінде 7610 ұпай бар.

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) рейтингінде екі сатыға жоғары көтеріліп, ресми түрде әлемнің үшінші ракеткасы атанды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Australian Open турниріндегі жеңісі Рыбакинаға 2000 рейтингтік ұпай әкелді. Қазір оның еншісінде 7610 ұпай бар. Бұл көрсеткіш Польшаның өкілі Ига Швёнтектен небәрі 368 ұпайға ғана кем, ал Швёнтек рейтингте екінші орынды сақтап тұр. Ал Australian Open финалында жеңіліс тапқанына қарамастан, әлемнің бірінші ракеткасы атағы Беларусь теннисшісі Арина Соболенкоға тиесілі.

Сондай-ақ қазақстандық тағы бір теннисші Юлия Путинцева да WTA рейтингінде айтарлықтай алға жылжыды. Ол бірден 24 орынға көтеріліп, 909 ұпаймен 70-орынға жайғасты.

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар